Мұғалім мектепте оқушыларға оқ атты
Мұғалім мектепте оқушыларға оқ атты
231
оқылды

Ресейдің оңтүстігіндегі Нальчик қаласындағы № 2  лицейде тарих пәнінің мұғалімі травматикалық қарудан оқушыларға оқ атты. РЕН ТВ мәліметінше, мұғалім өзіне бас салған үш оқушыға қарсы осындай шара қолданған. 

Жанжал тоғызыншы сынып оқушысы мен мұғалімнің арасында шықты. Оқушы ұстазы өзіне тиісе береді және өмірін бұзып жатыр деп ойлаған. "Төбелеске" ол екі досын шақырған. Олар мұғалімді ұра бастағанда ол ауаға оқ атқан. Содан соң оқушылар қашып кеткен.

Жанжал шығарушы ұсталды.