Жеті адам найзағай түсіп қайтыс болды
Жеті адам найзағай түсіп қайтыс болды
258
оқылды

Мозамбик аумағында кемінде жеті адам найзағай түсіп қайтыс болды. Бұл туралы Оңтүстік-Шығыс Африкадағы Маника провинциясының губернаторы Франциску Томас хабарлады.

«Найзағай түсу салдарынан адамдар қайтыс болды, жел мен жаңбырдан жеке және қоғамдық инфрақұрылымдар зақымданды», – деді ол.

Қазіргі уақытта Маника провинциясында ведомствоаралық топ ауа райының қолайсыздығынан келтірілген шығынды есептеп жатыр.