Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысын елемей, қалада құдалық тойын өткізгендер анықталды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.
«Кеше Бесшалқар көшесі бойындағы коттедждердің бірінде отбасылық шара өтті. Коттеджге 70-тен астам қонақ тойға келіп, санитарлық нормаларды орындамаған. Екінші құдалық тойында «Бибігүл» мейрамханасына 40-қа тарта адам жиналған. Олар әкімшілік жауапқа тартылады», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, тәулік ішінде мобильді топ кәсіпкерлік 161 нысанды тексеріп, карантиндік режимді бұзудың 6 фактісін анықтады.