«Челси» футбол клубы тәртіпке бас имеген ойыншыларын жазалауды күшейтті.
Мұны әлеуметтік желіге тарап кеткен айыппұлдар шкаласынан байқауға болады. Оған бас бапкер Фрэнк Лэмпард қол қойған.
Фотодағы айыппұл көлемі британдықтар үшін аса қорқынышты болмауы мүмкін. Бірақ оны теңгеге шағып көрсек, қазақстандықтарды бей-жай қалдырмасы анық. Мәселен, командалық жиынға кешіккен ойыншы әр минутына 500 фунт (250 мың теңге) төлейтін болады. Егер сол жиында не болмаса тамақтану кезінде біреуінің телефоны шырылдай қалса, айыппұл екі еселенеді (500 мың теңге).
Фрэнк Лэмпардтың ең үлкен айыппұлы – 10 млн теңге. Оны бапкер жаттығуға кешігіп келген футболшыға салады.
Ең қызығы, футболшылар бұл айыппұлды 14 күн ішінде төлемесе, оның құны екі еселенеді екен.