Партия белсенді азаматтарды біріктіреді

Партия белсенді азаматтарды біріктіреді

Партияның «қай­та жаң­­ғыруы» ая­сында елі­міздің 14 ай­ма­ғында Nur Otan пар­тия­сы­ның ка­др­­лық ре­зервіне үміт­­­керлер ірік­телуде. Жо­ба даму деңгейі, тұр­­ғын­дар са­ны және әр­­түр­лі әлеу­меттік топ­­­тар­дың қам­ты­луы бойын­ша ерек­шеленетін қала­лар мен аудандарда пи­­лот­­тық режимде жүзеге асырылады.

Негізгі мақсат – әр­түр­­лі са­лада­ғы белсенді аза­маттарды анықтау және жи­нақ­талған тә­жірибені ес­кере отырып, пар­тиялық ірік­теуді өткізу тәртібін жетілдіру. Nur Otan партиясының кадр­­­лық резервіне 800-ге жуық үміткер тіркелген, олар­дың 30%-ы әйелдер, тағы 30%-ы 35 жасқа дейінгі аза­маттар. Олардың ішінде көп­ба­лалы аналар, ерекше қажет­тіліктері бар адамдар да кіреді.

Пилоттық іріктеу ая­сын­да үміт­керлер өз бағдар­ла­­масымен қо­ғам­дық пікір­сайыстарға қаты­сады. Келесі кезең – партия мү­ше­­лерінің арасында дауыс беру, со­­ның негізінде Nur Otan пар­тия­­­сының кадрлық резервіне қа­был­дау үшін ең үздік үмт­керлер таң­­далады.

Сонымен, Ақмола облы­сы­ның Есіл ауданында өт­кен пар­­тиялық резервке үміт­кер­лер­­дің ауыл тұрғында­ры­мен кез­­десуінде жұмыс орындарын құ­ру, сумен жабдықтау желісі және Интернеттің баяулығы жа­йын­­­дағы сұрақтар көтерілді. Қызыл­орда облысының Сыр­да­рия ауданында партия мүше­ле­рі балаларға арналған спорт алаң­дары мен да­мыту орталық­та­рының жетіс­пеу­шілігін ше­шуге ниеттеніп отыр. Шығыс Қа­зақстан об­лы­сының Бесқарағай ау­­да­нында үміткерлер жол­дар­ды жөндеу және ауыл­дар­дағы кә­сіп­кер­лікті да­­мыту тақырыбына тоқ­тал­ды. Маң­­ғыстау облысының Мұ­найлы ауданында мек­теп­тер­дегі оқу­шыларға орын­­ның жетіс­пеуі, кітап­ха­­налар ашу және ауыл тұрғын­дарының дең­гейін көтеру ту­ралы сұрақтар кө­терілді.

Айта кету керек, үміт­керлердің ішінде ауыл­ша­руа­шылық сала­сының өкілдері, қоғам белсен­ділері, ауыл мектептерінің мұға­лім­дері, дәрігерлер, мәдениет қай­­рат­керлері, кәсіпкерлер бар.

Қарағанды облысындағы бел­сенді үміткерлердің бірі – Абай ауданының тұрғыны Елена Сутягина.

– Мен қызметімді мек­тепте физика-математика мұғалімі бо­лып бастадым. Кейін ұзақ уақыт әйел­дерді түзеу мекемесінің дирек­торы лауазымын атқардым. Тағ­дыр тәлкегіне ұшыраған та­лай қыздың басындағы қиын жағ­дайды көзіммен көрдім. Біреу­лерінің ата-анасы жоқ, ал келе­сілеріне дұрыс көңіл бөлініп, жақсы тәрбие беріл­меген. Адам тағдырына әсер ететін көп­те­ген аспекті бар. Олардың ішіндегі ең маңыз­дысы – отбасы. Отбасының жайнап, гүлденуі үшін маңызды бір­неше шарт бар. Жұмыстан кел­генде мектепте оқитын балалары сағынып күтіп оты­ратын жылы үйі болса, кешкісін олармен сая­баққа қыдыруға шықса, міне, өмір сүруге жасалған қо­лай­­лы жағдай – осы. Ме­нің ойымша, Nur Otan пар­тиясы осы жағдай­лар­дың ше­шімін табуға көмектеседі. Өмірімізді жақсы жаққа бір­ге өзгертейік, – деді ол.

Партиялық кадр резер­ві­нің тағы бір үміткері Татьяна Титовская Nur Otan пар­тиясы белсенді азамат­тардың ойын айта алуы үшін өз алаңын ұсынғанына риза­шылығын білдірді.

– Кейбіреулер бізде бар­лығы жаман дейді. Олай бол­са, жақ­сартайық. Бар­лы­­ғы іске алғысыз ба? Ке­­лі­ңіз, дұрыстайық! Осылар­ды айту үшін партия бізге алаң ұсы­нып отыр. Ол үшін пар­тиялық кадр резервіне үміткерлер таңдап жатыр. Біз Абай ауданының алыс ауыл­дарының тұрғын­да­ры­мен ондаған кездесу өткі­зіп үл­гердік. Жұртты тың­­дап, олар­ды алаңдатқан мәсе­ле­лерді білдік. Партияның қол­дауы­мен біз олардың ше­шімін та­ба­мыз, – деп атап өтті Татьяна Титовская.


Клара НАҚЫП