Сомали астанасы Могадишодағы бір дәмханада жарылыс болып, 6 адам қаза тапты. Тағы 8 кісі жарақат алды. Бір лаңкес дәмханаға кіріп беліндегі бомбаны жарып жіберген. Әзірге шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Жерігілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, әуежай маңында орналасқан дәмхана саясаткерлер мен шенеуніктердің көптеп баратын орны болған. Полиция шабуыл «Аш-Шабаб» содырларының ісі болуы мүмкін деп отыр.