Жексенбі күні кешке бірнеше " Катюша "зымыраны үкіметтік мекемелер мен елшіліктер, соның ішінде АҚШ миссиясы орналасқан Бағдадтың "жасыл аймағына" соққы жасады.
Ирак БАҚ-тарының хабарлауынша, АҚШ елшілігінің жанына кем дегенде бес зымыран құлаған.
Ирактың бұрынғы Сыртқы істер министрі Хошияр Зибаридің хабарлауынша, зымыран шабуылы елшілік мейрамханасының қирауына және өртеніп кетуіне алып келді. Зибаридің пікірінше, бұл соққыны қарулы топтар жасады.
" Бағдаттағы АҚШ елшілігінің кешеніне көтерілісші топтартікелей соққы жасады. Елшіліктің асханасы зақымдалып, өртенді", - деп жазды Зибари Twitter-дегі бетінде. "Бұл шиеленіс туғызу үшін бетімен кеткен қарулы топтарының өте қауіпті ойыны. Ол тоқтауы керек".
Ираншыл шииттік топтар бірнеше рет Ирактағы АҚШ өкілдерінің ізіне түсетінін айтып сес көрсеткен. Олар Иранның жоғарғы әскери қолбасшысы Касем Сулейманидің өлтіруінен кейін айбат шегуін күшейте түсті.