«Әлем аруы — 2019»: Қазақстан туралы видео жарияланды (видео)

«Әлем аруы — 2019»: Қазақстан туралы видео жарияланды (видео)

Ұлыбританиядағы әлемдік сұлулық байқауында көрсетілетін Қазақстанның туристік орындары туралы ролик көпшілік назарына ұсынылды.

Қазақ елінің хас сұлуы — Мәдина Батық 14 желтоқсанда Лондонда өтетін «Әлем аруы — 2019» байқауында осы видеоны көпшілікке насихаттайды.  Роликті түсіру үшін 10 мың шақырымнан астам жол жүріп, екі апта Қазақстанды шарлаған. Видеода Атырау мен Алтайдың арасын тұтастай қамтуға тырысқан. 



"Елімді мақтан тұтамын! Отанымның ерекше табиғатын, халқымыздың қонақжайлылығы мен ақкөңілдігі жүрегімде мәңгі қалды" дейді Мәдина Батық