Еуро-2020: Қазақстан құрамасы сырт алаңда Сан-Мариноны ойсырата жеңді (видео)
Еуро-2020: Қазақстан құрамасы сырт алаңда Сан-Мариноны ойсырата жеңді (видео)
331
оқылды

Біздің құрама бірінші таймда қарсылас қақпасына жауапсыз 3 доп соқты

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Сан-Марино құрамасын жеңді. Сырт алаңда өткен кездесу 3:1 есебімен Билек шәкірттерінің пайдасына аяқталды.

Біздің құрама бірінші таймда қарсылас қақпасына жауапсыз 3 доп соқты. Алтыншы минутта Бақтиер Зайнутиднов көзге түссе, 22 минутта Ғафуржан Сүйімбаев есепті еселей түсті. Құрама сапынан үшінші болып 26 минутта Алексей Щеткин мергендік танытты.

76 минутта алаң иелері сапынан Филиппо Берарди есеп айырмасын қысқартты. Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы Кипрді қуып жетіп, 10 ұпаймен төртінші орынға жайғасты. Үшінші орында Шотландия келе жатыр. Біздің жігіттер 19 қараша күні сырт алаңда Шотландиямен кездеседі. Егер жеңіске жете алатын болса, онда іріктеу кампаниясын үшінші орынмен аяқтауға мүмкіндігі бар.

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Сан-Мариномен өткен ойыннан кейін журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Шотландиямен ойынға жоспар қандай?

- Соңғы ойында топтан үшінші орын алу үшін алаңға шығамыз. Екі-үш күннен кейін ойын. Жақсылап дайындалу керек. Ұпай алуға тырысамыз.

- Іріктеу кезеңін қорытындысын шығарсаңыз?

- Соңғы ойыннан кейін іріктеу кезеңін қорытындылаймын.

- Вороговский жарақат алды. Қалғандарының денсаулығы қалай?

- Вороговский жарақаттанып қалды. Жуковтің де сырқаты бар. Ертең жаттығу жасаймыз. Қалғандарының жағдайын бақылаймыз.

https://youtu.be/gzneowe3JNE