«Жаңа апта жемісті болсын, достар!
Желтоқсан айы да келіп қалды. Барлығы, әдеттегідей, жылды қорытындылап, өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басуға дайындалады.
Jas Otan-ның да 2 жылдық жұмысын қорытындылайтын уақыт келді. Осыған орай, Жастар қанатының Орталық кеңесінің отырысы онлайн форматта өткізіліп, Jas Otan V съезін шақырту бойынша шешім қабылданды.
Аталған съезде 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы және Jas Otan Жастар қанатының 2 жылдық жұмысы қорытындылады. Сонымен қатар, ұйымның одан әрі қызметінің жаңа векторы анықталатын болады», – деп жазды Елнұр Бейсенбаев.