Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Ұлттық банктің Нұр-Сұлтанға қашан көшетінін айтты.
«Қазақпараттың» жазуынша, Қаржылық нарықты дамыту және реттеу агенттігі қаржы нарығын бақылауда ұстайды.
«Біздің стратегиялық мақсатымыз – бәсекеге қабілетті және күшті қаржылық сектор құру, қаржылық ұйымдардың жұмысының тиімділігін арттыру. Осы мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банкі қаржылық нарықты реттеу бойынша мандатын тәуелсіз орган – Қаржылық нарықты дамыту және реттеу агенттігіне береді. Бұл агенттікті құру бойынша Мемлекет басшысының екі Жарлығы жарияланып, қол қойылды. Жақында тіркеу аяқталып, жарияланатын болады. Бұл агенттік Мемлекет басшысына есеп беруге міндетті болады. Агенттік, Үкімет, Ұлттық банк қаржылық тұрақтылық кеңесі арқылы байланыста болады», – деді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, аталған агенттік Алматыда қалады. Оның айтуынша, Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшірілсе де, Алматыда филиалы қалады.