Ауа райы: Синоптиктер жел күшейіп, кей өңірде қар жауады
Ауа райы: Синоптиктер жел күшейіп, кей өңірде қар жауады
197
оқылды

Бүгін еліміздің кейбір аймақтарында жел күшейеді.

«Қазгидромет» орталығы 17 қарашада Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжам жасап отыр. Алайда Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қар жаууы мүмкін. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде боран соғады.

Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. СҚО-да көктайғақ, ал Қостанай облысында тұман түседі. Алматы облысында түнде және таңертең тұман басады. Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Ақтөбе облыстарына да тұман түседі. Сондай-ақ, Жамбыл және Қызылорда облыстарында түнде және таңертең желдің екпіні артады. Түркістан облысында да жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді.