Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мәжіліс залында деснаулық сақтау бағытындағы аймақттық комиссияның отырысы өтті.
«Nur Otan» партиясы ұлт денсаулығын сақтауға ерекше мән беріп келеді. Осы орайда облыстық партия филиалы жанынан денсаулық саласына партиялық бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында комиссиялық топ жасақталып, жұмыс жоспары бекітілген. Құрамы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен, депутаттық фракция мүшелерімен, медицина саласының ардагерлерінен жасақталған.
Жыл басынан өткізілген комиссия отырыстары барысында денсаулық саласы бойынша бірқатар мәселелер қаралды. Оның ішінде өңірлер бөлінісінде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру бойыша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру, COVID-19 пандемиясы кезеңінде аймағымызда үздіксіз медициналық көмекті ұйымдастыру және дәрі-дәрмекепен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Және әрбір комиссия отырысының қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданып, партияның Орталық апппаратына және облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолданып отыр.
Жалпы өңірде денсаулық сақтау саласы бойынша атап өтерлік жетістіктер жетерлік. Мәселен, тәуелсіздік алғалы облыста 148 денсаулық сақтау нысаны іске қосылған. Денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері бойынша да оң өзгерістер бар. Осы жылдар ішінде халықтың жалпы өлім-жітімі 6,4% - ға, туберкулезден 2 есеге, қатерлі ісіктен өлім-жітім 33,8% - ға төмендеген.
Биыл Сovid-19 коронавирустық инфекциясының жаһандық пандемиясы медициналық мекемелерді жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықтау қажеттілігін көрсетті. Алайда бұл бағытта жыл басынан бері біршама жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда төсек-орын жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін 200 төсектік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталуға жақын. Облыстың медициналық мекемелері 192 өкпені жасанды желдету аппаратымен, 2 КТ аппаратымен, 10 ПТР аппаратымен жабдықталатын болады. Сондай-ақ, дәрі-дәрмек қорын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жиын барысында күн тәртібіне сәйкес, Covid-19 пандемиясы алдын-алудағы атқарылған шаралар бойынша облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова хабарлама жасады.
Қазіргі таңда өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бүгінде инфекциялық стационардың анестезиологиялық және реанимациялық бөлімі керекті техникамен жабдықталған және 38 төсек орын бар. Жансақтау бөлімінде ем алып жатқан науқас жоқ. Алайда жұқпалы дерттің таралу қауіпі өте жоғары болғандықтан мамандар сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігін айтуда.