Нұр-Сұлтанның орталығында су тоқтап қалды
Нұр-Сұлтанның орталығында су тоқтап қалды
5,187
оқылды

«Астана су арнасы» кәсіпорны қаланың орталығында судың не себепті тоқтап қалғанын түсіндірді.

Басты себеп, Тұран — Сығанақ көшелерінің қиылысында су құбыры жарылды. «Құбыр бүгін сағат 05.40 шамасында жарылды. Апаттық бригада оқиға орнына сағат 06.15-те жетті. Нақтырақ айтқанда, құбыр желісінің дәнекерленген бөлігі ажырап кеткен. Сағат 10.30-да су бөгелді. Қазіргі уақытта су жүйесін тезірек қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр» делінген жауапты мекеменің ресми хабарламасында.