Пәтерден кәсіпкердің қызы мен оның досы өлі күйінде табылды
Пәтерден кәсіпкердің қызы мен оның досы өлі күйінде табылды
191
оқылды

Петерборда Лиговск даңғылындағы үйлердің біріндегі пәтерден кәсіпкердің 22 жастағы қызы мен оның 20 жастағы досының мәйіті табылды, олар құшақтасып отырып көз жұмған, деп жазады «Фонтанка».

29 қарашада қыздың әкесі полицияға оның екі күн байланысқа шықпай жатқанын айтып шағым түсірген. Ол қызы тұратын пәтерді бұзып кіруді сұраған. ТЖМ көменгімен қызметкерлер ішке кіргенде олар екеуін де өлі күйінде тапты. Алдын ала болжам бойынша олар екі күн бұрын көз жұмған. «Невские новости» мәліметінше, жастар есірткіні көп қолдану салдарынан өліп кеткен болуы мүмкін. Оқиға орнынан дәрілер салынған жәшік, керамикалық тәрелке, пластикалық түтік және ұнтақ табылған. Айғақ заттар зерттеуге жіберілді.