Астаналықтар бір ай жол жүру билеті үшін 45 теңге төлейді.
Astana LRT мекемесінің хабарлауынша, «Жолақыны 50 пайыз жеңілдікпен SMS және QR-код арқылы төлеуге болады. Акция 18 қарашадан басталып, 18 желтоқсанға дейін жалғасады».
Нақтысы, акцияны ұялы байланыс операторы ұсынып отыр. Төлемді SMS немесе QR-код арқылы жасаған кезде телефон нөмірінен жол жүру билетінің толық сомасы – 90 теңге алынады. Кейін балансқа 45 теңге кері қайтарылады. Бірақ 45 теңгемен қоғамдық көлікте күніне екі рет ғана жүре алады. Одан соң 90 теңге төлейді. Акцияның экспресс-маршруттарға қатысы жоқ.