Әлемде жаңа пандемия басталуы мүмкін - ДДСҰ
Әлемде жаңа пандемия басталуы мүмкін - ДДСҰ
734
оқылды
Әлемде жаңа пандемия басталуы мүмкін, деп ескертеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. ДДСҰ мәліметінше, әлемде коронавирусқа шалдыққандар қыркүйектен бері алғаш рет қысқарған. Әсіресе кәрі құрлық елдерінде вирустың бәсеңдеуі байқалады. Мамандар бұл қатаң карантинннің нәтижесі нәтижесі деп есептейді.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықты өздігінен антибиотиктерді қабылдаудан аулақ болуға шақырады. Мамандар бұл жаңа пандемияның басталуына алып келетін ескертеді",- делінген хабарламада.
Сарапшылар да «антибиотиктер мен вируске қарсы препараттарға төзімді микроағзалардың пандемиясы» болуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан ұйым өкілдері вирустың ешқайда кетпейтінін айтып, халықты онымен өмір сүруге дағдылануға шақырып отыр.