Стокгольм тұрғыны өз ұлын 28 жыл бойы үйінде қамап ұстаған. Бұл туралы Aikyn.kzLenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.Ауруханада жатқан әйелдің үйіне алыс туысы келіп, пәтерде қамауда отырған 41 жастағы ер адамды көрген. Тісі жоқ, аянышты күйдегі еркек бұрышқа тығылып отырған. Адаммен дұрыс сөйлесе алмайды. Оны көрген әйел "Дәл қорқынышты фильмдердегідей" деп суреттейді. Туысқаны дереу жедел жәрдем шақырған. Ал дәрігерлер полицияға жүгініпті. Белгілі болғандай, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген ер адамның жасы 41-де. Ал анасы 70-те. Ер адам соңғы рет ол далаға 12 жасында, 7-сыныпта оқып жүрген кезінде шыққан. Анасы отбасындағы келеңсіз оқиғадан кейін ұлын қоршаған ортадан оқшаулап тастаған көрінеді.