Елордада тағы да газ балоны жарылып, өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
"1 желтоқсан күні сағат 22-14-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне Байтұрсынов көшесі 43/2 мекенжайындағы өрт туралы хабар түсті . Өрт сөндірушілер келген уақытта 22.19-да жаңа құрылыс аумағында шамамен 150 ш.м. алаңда асхана ретінде қайта жабдықталған жеке тұрған құрылым (контейнер) ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады, сондай-ақ жанында тұрған ағаш құрылғылары жанып жатты. Алдын ала болжам бойынша газ баллонының жарылуы орын алған. Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өрттен 4 газ баллоны шығарылды. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, сағат 22-50-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталудаа. Өрт орнында барлығы 4 техника және жеке құрамнан 23 адам жұмыс істеді", – делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мекеменің мәлімдеуінше зардап шеккендер мен опат болғандар жоқ.