Нұр-Сұлтанда таксимен көп баратын мекен-жай анықталды
Нұр-Сұлтанда таксимен көп баратын мекен-жай анықталды
5,285
оқылды

Bolt такси қызметінің Нұр-Сұлтан қаласындағы 2 айлық жұмыс қорытындысы жарияланды. Бұл туралы PR-менеджер Еркежан Бекова хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында халық ең көп баратын 8 орын анықталды. Олардың бесеуі сауда ойын-сауық орталығы: Хан-Шатыр, Mega Silk Way, Керуен, Asia Park және Keruen City. Сонымен қатар, тұрғындар мен қонақтар такси қызметімен «Нұр-Сұлтан 1» теміржол вокзалына жиі барады екен.

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті және Астана Медицина Университетіне жету үшін де такси шақыратындар көп. Соған қарағанда, такси қызметімен студенттер, қала қонақтары, жеке шаруаларымен немесе іссапарларға темір жолмен қатынайтын жергілікті тұрғындар, сондай-ақ, бос уақытында сауда ойын-сауық орталықтарына баратын адамдар ең көп қолданады.

Такси қызметіне тапсырыстардың 90% пайызына жуығы дүйсенбі мен жұма, яғни жұмыс күндері тіркелген. Таңертеңгі сағат 7:00-ден 9:00-ге дейін, кешке 18:00 мен 20:00 аралығы – тапсырыстардың ең көп түсетін мезгілі. Сонымен қатар, түскі сағат 12:00 мен 14:00 аралығында да тапсырыстар болып тұрады. Жұмыс аптасының ортасына қарай бұл көрсеткіш төмендесе, жұма күні тұрақты түрде көтеріледі.

Демалыс күндері қала тұрғындары үйде болғанды қалайды. Ресми мәліметтер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары сенбі мен жексенбіде Bolt такси қызметін өте сирек қолданады.