Жүгенсіз нарық, жүдеу халық
Жүгенсіз нарық, жүдеу халық
319
оқылды

Монополистер баға өсіруге кірісетін жаңа жыл да жақындап келеді. Азық-түлік бағасы мен коммуналдық қызметтің төлемдері тағы да қымбаттайтын уақыт алда. Қазірдің өзінде инфляция өсіміне азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауы елеулі үлес қосып жатыр. Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 9,7 пайызға қымбаттаған. Онсыз да жыл бойы көтеріліп келген бағалар әлеуметтің әмиянын тонап, қалтасын аз қаққан жоқ еді. Қымбатшылық құрсауына түскен жұрттың қамын кім ойлайды? Бұған «кінәлі» кім?

Күні кеше тамақтың негізсіз қымбаттауы сынға алынған Үкі­мет­тің жиынында Cауда және инте­грация министрлігінің басшысы Бақыт Сұлтанов бағаның негізсіз өсіміне, өңір басшыларының өз­дері кінәлі деп мәлімдеді. Ми­нистр­дің айтуынша, бағаны те­жеуге болатын арнайы тетіктер баяғы­дан құрылып қойылыпты. Тек бұл мүм­кіндікті жергілікті ат­қа­ру­шы билік пайдаланбай отыр.


Сұлтановтың айтуынша, қа­зан айының басынан 12 қара­шадағы жағ­дай бойынша әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік тауар­лары­ның бағасы 1,1 пайызға өсті. Бұл ретте егін жинау маусымына қарамастан, бірнеше тауарлардың бағаларының он шақты пайызға өсуі байқалады.

Бүгінде еліміздегі тауар өндіру­шілер санынан ортадағы делдал­дардың саны жүздеген есе көп. Қымбаттауларына зер салсақ, әсіресе, ауылшаруашылық өнім­дерінің бағасы шарықтап отыр­ға­нын аңғарамыз. Осыған қарап-ақ, өзіміздің өнімдердің сонау шекара асып келетін импорттан қымбат болып отырғанын аңғару қиын емес.

Жыл басынан бері әлеу­мет­тік маңызы бар азық-түлік тауар­лары бағасының максималдық өсуі Атырау (13,5%), Павлодар (12%) облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында (11,8%), Жамбыл және Ақтөбе облыстарында (11,4%) байқалып отыр.

«Өңіраралық тауарларды жет­­кізу бойынша талдау жүргізу ке­зінде, біз әкімдіктердің өз өңір­­лерінде қандай тауарлар өнді­рі­ле­тінін және қайдан әкелетінін жиі білмейтінін байқадық», – деді Бақыт Сұлтанов.

Осыған дейін бағаны тежеудің әртүрлі тетіктері әзірленді. Алай­да әлеуметтанушылар үкімет бір қаулыны шығарумен ғана шек­тел­мей, дамыған елдердегідей әлеу­меттік пакеттер жасаудың түрлі жолдарын қарастыру қажет деп есептейді. Қалай болған күнде де нарықтағы бағаның өсуін еріксіз тежейтін қоғам құра алмай келе жатқанымыз өкінішті.