Алматыда кәсіпорын басшысына қастандық жасалды
Алматыда кәсіпорын басшысына қастандық жасалды
733
оқылды
Алматыда 23 қарашада сағат 9:40-та белгісіз біреу WinAlko Group ЖШС Бас директоры Валентин Лабецкийге оқ жаудырды. Қастандық жайлы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде пайда болған. ПД баспасөз қызметі қылмыс жасалғанын растады. Қастандық Грибоедов 91 а мекен-жайында жасалды. Қылмыскер Лабецкий отырған көліктің есігін ашып, оны үш рет тапаншамен оқ атты. Лабецкий тірі қалды. Кәсіпкер қандай жарақат алғаны және оның қазіргі жағдайы белгісіз. Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Кәсіпкердің пікірінше, бұл оның кәсіби қызметіне байланысты жасалған қастандық.