Қазақ жігіті сумодан Жапония чемпионы атанды
Қазақ жігіті сумодан Жапония чемпионы атанды
385
оқылды

Ерсін Балтагүл жастар арасында сумо бойынша Жапония чемпионы атанды. Бұл туралы «Қазақстан барысының» негізін қалаушы Арман Шораев мәлімдеді.

 «Біздің қарапайым қазақ жігіті Ерсін Балтагул жастар арасында сумо бойынша Жапония чемпионы атанды! Ерсін Токиода тұрып, оқып жатқанына төрт жыл болды. Моңғол ағамыз Асашери Акинориге алғысымыз шексіз. Себебі, осы кісі осыдан төрт жыл бұрын біздің жігітті таңдап, күреске тартқан еді», - деп жазды Шураев Instagram-да.

Балтагүл қазір 22 жаста.