Амандық Баталов орынбасарына тағылған айып расталса, отставкаға кетуге дайын
Амандық Баталов орынбасарына тағылған айып расталса, отставкаға кетуге дайын
215
оқылды

«Егер ол (Бағдат Мәнізоров – ред.) кінәлі болса, онда отставкаға кету керек. Бұл Алматыда болған жағдай, Алматы облысында емес. Менің жұмыстан кетуім немесе жұмысымды жалғастыруым туралы шешімді үкімет жетекшісі қабылдайды. Мен көп жылдан бері еңбек еттім, өз міндетімді адал орындадым. Егер кетіңіз десе, кез келген уақытта кете аламын. Уақытымды немерелеріме арнаймын. Мен кетуден қорықпаймын», – деді Амандық Баталов, бүгін Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында.

БАҚ өкілдері қойған сұрақтарға жауап берген Алматы облысының әкімі орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты жағдайға түсініктеме берді.

«Мен жеке пікірімді ғана айта аламын, бірақ тергеуге түсініктеме бере алмаймын. Ол жұмыс істеп жүр. Осы оқиға болған кезде ол маған келіп бұл Алматыдағы ескі жұмысына қатысты жағдай екенін айтты. Мен істің мән-жайын анықта дедім. Осы жағдай болған соң, жалақысыз демалыс сұрады. Мен бердім. Оқиғаның анық-қанығын тергеу анықтайды. Мен оны адам ретінде көптен бері білемін. 2001 жылы Талдықорғанға жұмыс істеуге келгенімде, ол Көксу ауданының, Ақсу ауданының әкімі болып жұмыс істеді. Содан бері білемін, одан соң маған келді, екі айдай жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында оған бірқатар тапсырма бердім, ол жақсы орындады. Әсіресе Арыс (әскери қоймадағы жарылыс кезінде халыққа көмек беру – ред.) бойынша ол маған өте жақсы көмектесті. Мен басына осындай жағдай түскенде, оған «Қане, арызыңды жаз да кет, анықта деп» айта алмаймын, адамгшершілік деген болады», – деді әкім мұндай жағдай кез келген адамның басында болуы мүмкін екенін айтты.

«Тергеу орындары анықтайды, егер ол кінәлі болса, жауап береді. Егер кінәлі болмаса әрі қарай жұмысын істей береді», – деді А.Баталов.