11 сынып оқушысы неге өзіне қол жұмсады?
11 сынып оқушысы неге өзіне қол жұмсады?
274
оқылды

Батыс Қазақстан облысында 11-сынып оқушысы асылып қалды. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан Облысы білім басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Оқиға 12 қараша күні кешкісін Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында орын алды. М.Жүнісов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы өз үйінің ауласындағы мал қорасында асылып қалған.

«Бала толық отбасында тәрбиеленген. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша құзырлы органдар тарапынан анықтау жұмыстары жүргізілуде. 20 қараша күні облыстық ведомствоаралық топ оқиға орнына барып, мәселені анықтамақ» деп жазылған хабарламада.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, баланың сабағы жақсы болған. Бес балалы отбасында талас-тартыс туындамаған екен.