Карантинді бұзған адамды көпшіліктің көзінше атып тастады
Карантинді бұзған адамды көпшіліктің көзінше атып тастады
185
оқылды

Солтүстік Корея билігі коронавирустың таралуына қойылған шектеу шарасын бұзғаны үшін ер адамды  көптің алдында атып тастады. Бұл туралы Radio Free Asia басылымы хабарлады. 

"Қарашаның соңынан бері Орталық комитет [Корея жұмыс партиясы] төтенше карантин шараларын күшейтті", — дейді Қытаймен шектесетін Солтүстік  Пхёнан (Пхёнан-Пукто) провинциясының тұрғыны.

"Олар көпшілік алдында жұртты қорқыту үшін карантинді бұзған адамды атып өлтірді, бұл шекті аймақта халықты қорқыту үшін жасалды.  Өйткені шекараның басқа жағында адамдар көп араласады, контрабанда көп", — дейді дереккөз.

Ату жазасына кесілген адам жасы 50 шамасындағы ер адам болып шықты. Олар 2020 жылы көп уақыт жабық болған шекара арқылы қытайлық іскер серіктестерімен кантрабанда ұйымдастырғаны үшін айыпталған.