Оқушы сабақтан кейін қайтыс болды
Оқушы сабақтан кейін қайтыс болды
650
оқылды

Ресейдің Воронеж облысындағы Острогожск қаласында денешынықтыру сабағында өзін нашар сезінген соң ауруханаға жеткізілген 15 жастағы оқушы қайтыс болды, деп жазады  ren.tv.

"Оқушы ауруханаға есінен танған күйінде жеткізілді. Ол өзін денешынықтыру сабағы кезінде нашар сезінген. Дәрігерлер дер кезінде әрекет еткенмен оны аман алып қала алмады", —делінген хабарламада.

Оқиға 1 желтоқсанда болды. Осы оқиға бойынша тексеру жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқушының денесінде зорлық белгілері табылған жоқ.