«Әйелдер ипотекасы»: ажырасуға себеп болмасын
«Әйелдер ипотекасы»: ажырасуға себеп болмасын
291
оқылды

Жаңа жылдан бастап Қа­зақ­станда әйелдерге арнал­ған ипотека беріле бастайды. Бұл – Азия даму банкінің жо­басы. Жүзеге асырушы – Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі. Әзірге бұл ипотеканың ауыл әйелдері мен табысы төмен әйелдерге берілетіні ғана белгілі.

«Әйелдер ипотекасы» деген атауына қарап, баспана үшін ажы­расатындар көбейеді деп болжам жасап жатқандар бар. Шынымен, солай ма? Мәселенің мән-жайын білуге тырыстық.

Әуелі әйелдер ипотекасын қаржыландыруға ниет білдірген Азия даму банкі туралы бірер сөз. Бұл банк Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның экономикалық және әлеуметтік комиссиясының ше­шімімен 1966 жылы құрылған. Штаб пәтері Филиппин астанасы Манилада орналасқан банкке 56 мемлекет мүше, оның 39-ы Азия-Тынық мұхит аймағының өкілі, 16-ы бұл аймақтан тысқары елдер. Азия даму банкінің пре­зи­­денті Жапония өкілінен сай­­­ла­нады. Банк дамушы ел­дер­­­дің экономикалық даму бағ­­­­дар­­ла­маларын қаржы­лан­дыру­­мен, сырт­қы саудасына кө­мек­­тесу­­мен ай­налысады. Маңыз­­ды жо­ба­ла­рына қаржылай, техникалық және эко­но­микалық көмек те көрсетеді. Қазақстан Азия даму банкіне 1994 жылы мү­ше болды. Банк 1998 жылы Қа­зақ­стандағы зейнетақы рефор­ма­сын қолдау және ауыл шаруашы­лығын дамы­туға қомақты несие бөлген.

Ал биыл «Гендерлік теңдікке тұрғын үйді қаржыландыруда жәр­демдесу» жобасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 100 миллион доллар кредит бермек. Бұл келісім Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен Азия даму банкі президенті Такехико Накаоның кездесуінде бекітілген. Айта кету керек, ген­дер­лік теңдікке бағытталған ипо­те­калық өнім Қазақстан түгілі, Азия елдерінде алғаш рет әзірленіп отыр екен.

– Азия даму банкі таратқан мәліметке сәйкес, бұл қарыздың 60 пайыздан астамы ауыл әйел­деріне, 20 пайызы табысы төмен әйелдерге ұсынылады. Себебі Қазақстанда ерлерге қарағанда, әйелдерге қолжетімді ипотека алу қиынырақ, – дейді банк өкілдері. Сол себепті аталған банк Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 38 млрд теңге көлемінде займ бөлмекші. Бұл келісімді растайтын шартқа Азия даму банкі Орталық және Батыс Азия елдері бойынша бас директоры Вернер Липах пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова қол қойды.

– Қазақстанда 9,1 миллион әйел тұрады. Олардың 4,4 мил­лионы жұмыспен қамтылған. Жұмыс істейтін әйелдердің тең жартысы отбасын өздері асырап келеді. Әйелдер бұрынғысынша ерлерге қарағанда жалақыны үш есе аз алады. Табыс деңгейінің төмендігіне байланысты ерлермен салыстырғанда, олардың үй алуға қажетті займды алуы қиынырақ. Сондықтан біз Азия даму банкімен бірлесіп, қазақстандық әйелдерге қолдау көрсетуді шештік. Олар үшін тұрғын үйді несиелендірудің қолжетімділігін арттырып, Азияда алғаш рет осындай гендерлік жобаны іске қосамыз, – дейді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, әйелдер үшін займ жаңа және қолданыстағы үйлерден пәтер сатып алу мақ­сатында беріледі. Несиенің ең жоғары сомасы 30 млн теңгені құрайды. Оны алу үшін табысы 200 мың теңгеден төмен әйелдер бастапқы жарна ретінде кемінде 15 пайыз, ал табысы 200 мыңнан жоғары әйелдер 20 пайызды жи­науы тиіс.

Статистикалық деректерге сү­йен­сек, Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкінің 60 мыңнан ас­там салымшысы әйелдер екен. Олар­дың 64 пайызы Нұр-Сұлтан мен Ал­маты секілді еліміздің екі ірі қа­ласынан тыс аймақтарда тұ­рады. Сон­дықтан жаңа гендерлік бағ­дар­ламаның 60 пайызы өңірлер мен ауыл­дық аймақтарда тұратын әйелдерді қамтиды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне бөлінген займға қосымша, Азия даму банкі кедейшілікті төмендетуге ерекше көңіл ау­дарып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан Қазақстандағы төмен және орта деңгейлі табысы бар әйелдер қауымын қамтуды, оның сапасын және операциялық мүмкіндіктерді күшейту мақ­са­тында 620 000 АҚШ доллары көлемінде техникалық көмек ре­тінде грант та ұсынып отыр.

Таяуда ғана Мәжілісте өткен Үкімет сағатында министр Руслан Дәленов бүгінгі таңда мұндай жо­балардың сұранысқа ие екенін, қолжетімді қаржыландыруды елі­міздегі 3 мыңнан аса әйел пай­далана алатынын айтты. Сон­дай-ақ ол қолжетімді қаржы­лан­дырудың пайыздық мөлшерлемесі 12 пайызға дейін болуы мүмкін еке­нін тілге тиек етті.

Шынын айту керек, 12 пайыз­дық мөлшерлеме, біздің ел үшін тым жоғары. Себебі бүгінгі таңда «7 – 20 – 25» бағдарламасымен баспаналы болуға мүмкіндік бар, тіпті күні кеше 5 пайыздық мөл­шерлемемен ипотека рәсімдеуге болатыны туралы жаңалық жетті. Тұрмысы төмен отбасылар үшін 2 пайыздық мөлшерлемемен баспана беріле бастағанына да көп болған жоқ. Олай болса, 12 пайыздық мөлшерлемемен берілетін ипотекаға қызығушылық туындар ма екен? Біз осы сұрақты Тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кінің баспасөз қызметіне қойдық.

– Қазіргі таңда займ туралы шарт қана жасалды, ал банк өнімі әлі дайын емес, жаңа жылдан кейін дайын болуы мүмкін. Әуелі ішкі құжаттарды реттеуіміз керек. Пайыздық мөлшерлеменің көлемі 12 пайыздан көп төмен болатыны анық. – «Әйелдер ипо­текасы» деген атауына қарап, бұл жалғызбасты әйелдерге ғана арналған жоба деуге болмайды. Бұл жобаға отбасылы әйелдер де қа­тыса алады, – дейді банктің бас­пасөз қызметі.

Кешелі бері елдің көңілін күпті еткен сұрақтың жауабы белгілі болды. Сондықтан ипотеканың атауынан шошудың жөні жоқ. Енді бізге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің осы жоба бойынша ипотека рәсімдеу шарттарын жа­сап шыққанын ғана күту керек.


Халима БҰҚАРҚЫЗЫ