Жауапсыздың жұмысы бақылауда

Жауапсыздың жұмысы бақылауда

«Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиа­лында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Онда өңірдегі бірқатар келелі мәселелер тал­қы­ланды.

Жиынды жүргізген Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Дархан Сақанов партия мүше­леріне қаладағы бірқатар құ­ры­лыстың екінші кезеңі аяқталғаны жөнінде айтты. Сонымен қатар комитет отырысында бес көшеге кәріз желілерін орнату жоспар­ланып отырғаны мәлім болды. Айта кетсек, Сибирская, Ха­ба­р­овс­кая, Дальневосточная, Сүлейменов және Дерова кө­ше­лерінде аталған жұмыстар жақын арада басталатыны ха­барланды. Сондай-ақ келесі жылы тағы 17 көшеге кәріз же­лілерін орнату жұмыстары жоспарға енгізілді. Отырыс кезінде «Dike» ЖШС мердігер компаниясының өз жұмысына салғырт қарағаны анықталды. Соның кесірінен желілерді монтаждау және сорғы стансаларын іске қосу кезінде бірқатар кедергілер кездесіп, қолайсыздық туындаған. Атап айтқанда, сорғылар дұрыс жұмыс істемей, құбырларға қоқыс толып, топырақпен ластанған. Осыған байланысты тиісті орындарға тапсырма беріліп, түйткілді мәселе шешімін тапты. Өз кезегінде «Nur Otan» пар­тиясының Павлодар облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Олег Костенко қазіргі кезде желілерді тазарту бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын, барлық сорғы стансалары жұмыс істеп тұрғанын айтты. Бүгінде 60 үй техникалық шарттарды қабылдап, орталық жүйеге қосылған. Тағы 300-ге жуығы техникалық шартты қа­был­даған, бірақ қосылу жұмыс­тарын кейінге қалдырып отыр.

Әбілмансұр ЖАСАН