Жақсы жол – елге жора

Жақсы жол – елге жора

Президент Қасым-Жомарт Тоқ­аев «Сындарлы қоғамдық диа­лог – Қазақстанның тұрақ­ты­лығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында әр отбасының өсіп-өнуіне, дамуына арнайы тоқталған болатын. Осы­ған орай, Қызылорда облы­сын­да Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Отбасының әлеуметтік картасын енгізу бары­сы» тақырыбында көшпелі оты­рысы өтті.

Облысқа арнайы сапармен келген Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сырдария ауданында болып, Тереңөзек кентіндегі бірқатар әлеуметтік нысанды аралаған болатын. Депутаттар жұмыспен қамту орта-лығында халықпен кездесіп, ол жерде оларға «Е-халық» ақпараттық жүйесі плат­формасында отбасының әлеу­мет­тік картасын жасау жұмыс­тары­ның барысы таныстырылды.

Шағын кездесуде Гүлшара Әбді­қа­лықова бастаған депутаттар сұрағына облыстық жұмыспен қамтуды үйлес­тіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысы Талғат Дүйсебаев жауап берді. Келушілер әлеуметтік карта арқылы жекелеген отбасылар жайлы мәліметті анықтау жолдарын көрді. Сонымен бірге онда жинақталған анық­тамалардың шынайылығына тал­дау жүргізілді. Бұдан кейін депу­таттар аудан орталығында ашылған әлеу­мет­тік дүкенге барып, кәсіпкерлер тара­пы­нан қолдау тапқан нысан жұмысы­мен танысқан еді. Сол кезде «Аптасына екі күн жұмыс істейміз. Мұнда бес түрлі халық тұтынатын тауар – сиыр еті, өсімдік майы, ұн, күріш, қант бар» деген жұмысшылар аз қамтылған әр отбасына бағасы төмендетіліп беріле­ті­нін айтты. Дүкеннің жұмысына ар­найы бақылау жасайтын топ та құрыл­ған. Ал киім-кешектер мұнда тегін тара­тылады.

Одан кейінгі сапарларын депутат­тар бөлініп жалғастырды. Г.Әбді­қа­лықова, Б.Смағұл, Н.Әлімжанов Nur Otan партиясының аудандық филиалы ғимаратында тұрғындарды жеке өті­ніштері бойынша қабылдады. Қабыл­дауға келгендер тарапынан кенттегі А.Иманов пен Н.Ергешбаев көшелері­нің қиылысында салынуы жоспар­ланып отырған көпқабатты тұрғын үй құрылысын қаржыландыру, Шаған ауылының аумағынан өтетін «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» автожолының бойынан айналма көпіріне өткел салу мәселесі, тұрақты жұмысқа орналасу, «Қызылорда–Тереңөзек–Жалағаш» автожолына жөндеу жұмыстарын жүргізу секілді өтініштері тыңдалды. Де­путаттар К.Абсатиров, Н.Жұма­діл­даева, Ф.Қаратаев олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде болып, жастармен жүздесті. Ал Г.Шиповских, З.Аманжолова кейбір әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыстарын бақы­лап шықты. Шаған ауылындағы Келдібаевтар отбасына К.Мұсырман, А.Нұркина, Ж.Омарбековалар барып, хал-жағдайларын біліп қайтты.

Н.Ілиясов ауылында жалғасқан сапар мәдениет үйінде комитеттің «Отбасының әлеуметтік картасын енгізу барысы» тақырыбында көшпелі отырысына жалғасты. Ол жерде әлеу­меттік-отбасылық картаны енгізу мен қолдану мәселесі айтылды. «Атал­ған жүйені дамытуды тоқтат­пауды, жетіл­ді­руге тиіс тұстары әлі де бар екенін баса айтқым келеді. Осыған байла­ныс­ты тиісті министрлікке ұсыныс бе­рілді. Әрі бұл айтылған мәселелер алдағы Үкімет сағатында талқы­ла­на­ды», – деді Г.Әбдіқалықова. Сонымен қа­тар электронды картаны пайдалану­дың перспективалары, әлеуметтік қызмет пен көмек көрсетудің интегра­ция­ланған моделін дамыту, балалар құқықтарын қорғау, медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері ашық айтылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов, облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов, «Қазақстанның әлеуметтік жұ­мыскерлері ассоциациясы» қоғам­дық бірлестігінің төрайымы Ләззат Нұрқатова, Мәжіліс депутаты Бақыт­бек Смағұл және бірнеше министрлік өкілдері хабарлама жасады. Сапар бары­сында мәжіліс депутаттары Н.Ілия­сов және Шіркейлі ауылындағы бір­қатар мемлекеттік мекемелер мен білім беру орындары жұмысымен таны­сып, жергілікті жұртшылықпен де жүздесті.

Бұдан соң Қазақстан Парламенті Мә­жілісі депутаттарының сапары Қы­зы­­лорда қаласындағы сол жағалау­дағы жастар орталығында жалғасты. Мұн­да олар белсенді жастармен жүз­десіп, сауалдарына жауап берді. Ғи­марат алдында сап түзеген «Қызы­лор­да ай­бын­дарының» сарбаздары өздерінің ерек­ше дайындығын көрсетті. Ұран­да­са айбынын асырып, жұрттың жіге­рін жанитын жастардың ынта-ықы­ла­сына, әскерде борышын өтеуге талпы­ны­сына тәнті болған Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл жалынды жыр оқып, жастардың рухын көтерді. «Шұбырын­ды болса-дағы ақтабан, Қазақ елін ешқа­шан да сатпаған» деп ұлттың ұлы­лығына тоқталып өтті.

– Міне, біздің болашақ Отан қор­ғай­тын сарбаздарымыз. Мұндай ұйым Қазақстанның барлық жерінде бар. Бірақ Қызылорданың сарбаздары ерек­ше. Кеудесінде Отан деп соққан жү­ре­гі, еліне аппақ тілегі, осындай өрен­деріміз өсіп келеді, – деді Б.Сма­ғұл.

Орталықта 10 мыңға тарта қоры бар кітапхана жұмыс істейді. «Біздің ке­зімізде мұндай мүмкіндік болған жоқ. Қазіргі жастарға барлық жағдай жа­­салған. ІТ кітапханаға компьютер де қойылған. Бір кітапты алу үшін са­ғат­­тап күтетін едік. Жаңа дәуір жас­та­ры, бүгінгі заман – сіздердікі», – деді Мә­­­­жіліс депутаты Зәуреш Аман­жо­лова.

Меймандар мұнан соң коуоркинг орталығында болды. Осыны көріп, Парламент Мәжілісінің депутат­та­ры Сыр жастарының белсен­ді­лі­гіне риза болды.

 

Миуа БАЙНАЗАР
Қызылорда облысы