Рахымжан әлемі құшағын айқара ашты
Рахымжан әлемі  құшағын айқара ашты
396
оқылды

Атырауда қазақтың көр­нек­ті жазушы-драматургі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, рес­публикалық «Махамбет» атындағы, Халықаралық Шың­ғыс Айтматов атындағы сый­лықтардың лауреаты Рахымжан Отарбаевтың құр­ме­тіне арналған ІІІ респуб­ликалық театр фестивалі өтуде.

Қасиет дарыған аймақта «Айналайын, Атырау! Сен жаман балаңды тербеткен алтын бесіксің ғой, елдігіңнен де, ерлігіңнен де айы­рылмашы...» деп қалам қуа­ты­мен әлем әдебиетіне қара сөздің құдіретімен еніп, тамсан­дыр­ған Рахымжан Отарбаевтың ІІІ республикалық театр фести­ва­лі шымылдығын ашты.

Театр фестивалінің ашылу сал­танаты аясында баспасөз мәс­­лихаты өтіп, қаламгердің бас­­­падан жаңа шыққан кітап­тарының тұсаукесері өтті. Жиын­ға КСРО халық артисі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бас­та­ған театр ма­й­талмандары, қоғам қай­раткерлері мен Рахымжан Отар­баев­тың отбасы қатысты.

Жеке кітап болып «Қазына» баспасынан жарық көрген «Бас» романының тұсаукесер лентасын КСРО Халық артисі Асанәлі Әші­мов және аталған баспа үйі­нің иесі Алмас Шәйкенов пен жа­зу­шының ұлы Ермерей Отар­баев қиды.  

Ал Мәскеуде басылып шық­қан қос кітап – «И был я подо­бием твоим…» және «Плач Чин­­­­гисхана» кітаптарының тұ­сау­­­­кесер рәсімін Мәскеу қа­зақ­­­тар қоғамының төрағасы, «Ху­до­жественная литература» баспасы директорының орын­­басары Ермек Алданов пен жазу­шының қызы, респуб­ли­калық Шабыт фестивалінің жүлдегері, алғашқы төлтуындысы Ресейде жарық көріп оқырманына таныл­ған Қаракөз Отарбаева жасап, жұрт­шылық тарапынан қошемет көрсетілді.

Осы шара аясында қарымды қа­­ламгердің мәңгілік өмірі бас­­талғаннан кейін құрылған «Рахым­жан Отарбаевтың ру­ха­ният қорының» да тұсауы ке­сі­ліп, қордың мақсаттары айты­лып, жұрт­шылық қор жұмы­сының сү­бе­лі болуына тілек­тес­тік білдірді.

Көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың отты қа­ла­мынан шыққан шығар­ма­ларының тұсаукесер шарасында қа­ламгердің үзеңгілес әріптес­те­рі, сыйлас ағалары, достары жасындай жарқырап өткен Ма­хамбет рухтас қаламгердің ада­ми болмысы мен шығар­ма­шылық ерекшеліктері туралы естеліктерін айтты.


Ол – Қа­зақ­стан­ды ғана емес, алыс-жа­қын шет мемлекеттерді мойындатқан санаулы суреткердің бірі. Бүгін оның рухына ас берілді, енді міне жалғасы үлкен шараға ұласып жатыр. Ұмытпай, елеп-ескерген үлкен-кішіге алғысым шексіз.


Жазушының жан жары, қа­лам­гердің шығармаларын оқыр­ман­ына шашаусыз жеткізуге жұмыс істеп, аманат арқалап жүрген Сәуле Отарбаева респуб­ли­калық деңгейде аталып өтетін айтулы шараны өткізуге қолдау көрсеткен аймақ басшысы Нұр­лан Ноғаевқа, қаламгердің шы­ғар­маларын жоғары деңгейде сахналап, көрермен ықыласына бөлеп жүрген Махамбет атын­дағы академиялық қазақ драма театры ұжымына алғыс айтты.

Рахымжан Отарбаев атын­да­ғы ІІІ республикалық театр фес­ти­валі салтанатты түрде ашыл­ды.

Фестивалдің ашылу салта­на­­тының шымылдығын аш­қан Аты­рау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев: «Рахым­жан Қасымғалиұлы – про­­­­за мен драматургияда ор­нын тапқан адам. Әлеуметтік проб­­­­лемаларға ешқашан бей­жай­ қа­рамай, ұлтжанды аза­мат бол­ған ол – тек біздің өңірі­міз­­дің емес, бүкіл қазақтың мақ­­та­­нышы. Рахымжан Отарбаев –Әбіш Кекілбаевтың, Әбу Сәр­сен­баевтың, Хамит Ерға­лиев­тің, Фариза Оңғарсы­нова­ның асыл қазынасының мұрагері. Ұлттық мәдениетіміз пен өнеріміздің да­­муына өлшеусіз үлес қосқан оның талантын басқа жұрт та танып, шығармалары бірнеше әлем тіліне аударылды. Уақыт бөліп, фестивальге арнайы келіп қатысып отырған Рахымжан аға­мыздың ағайындарына, дос-жолдастарына ризашылығымды біл­діремін. Осы фестивальге кел­ген театр ұжымдарына, бас­шы­ларына алғысымды айта­мын. Сіздердің өнерлеріңіз арқылы кө­­рермен Рахымжан ағамыздың шы­ғармаларын жан-жақты түй­сі­­ніп, сан қырына қанығып шы­­ғармаларды жүректерінен өт­кі­зеді», – деді.

Қазақстанның Еңбек Ері, фес­тивальдің төрағасы Асанәлі Әші­мов Рахымжан Отарбаевтың мәде­ниет саласындағы, соның ішінде, театр өнеріндегі еңбе­гін атап өтіп, драматургтің ада­ми, аза­маттық қасиеттерін сипат­та­ды.

Рахымжан Отарбаевтың ұлы Ермерей Рахымжанұлы фестиваль қонақтары мен атыраулықтардың ыстық ықыласына ризашылығын білдірді.

– Осы шара басталғалы халық­тың отансүйгіш қасиетін, әкеме, оның шығармашылығына деген құрмет сезімін байқап отырмыз. Сондай-ақ осы фестивальге кел­ген барлық артиске әкеме деген сый-құрметтеріңіз үшін ал­ғы­сым­ды айтамын, – деді қалам­гер­дің ұлы Ермерей.   

Бес күн бойы Атыраудың тұр­ғын­дары еліміздің тоғыз театр ұжымының өнерін тамашалай алады. Олардың өнерін сарап­тау­­шы қазылар алқасының төра­­ғасы – КСРО халық арти­сі Асан­әлі Әшімов, театр саңлақ­та­ры Есмұхан Обаев және Сердеш Қажымұратұлы, Талғат Теменов, театртанушы,сыншы, қаламгер Ұларбек Нұрғалымұлы, Айзат Қыдыралиева мен Қаракөз Ра­хым­жанқызы сияқты қазылар құра­мы бағалайтын болады.

Фестивальдің шымылдығын Қалибек Қуанышбаев атындағы Мем­лекеттік академиялық музы­ка­лық-драма театры «Әміре» дра­ма­сымен ашты.

Бір апта бойы Атырау хал­қы мен қала қонақтары қа­рым­ды қаламгер Рахымжан Отар­баев­тың шығармаларымен сусындап, қара сөздің құна­рына қанығатын бол­ды. Бұл қа­лам ұстаған қа­лам­гер үшін де, қаламгерді құр­меттеген оқыр­ман үшін де, тап­тырмас бай­лық, рухани азық еке­ні сөзсіз.

 

Атырау облысы