Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды
Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды
Фото: Айтжан Мұрзанов
404
оқылды
Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты жергілікті аумақта төтенше жағдай режимі енгізілді, – деп жазады Tengrinews.kz. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин: «Бізде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды. Әділет басқармасының тіркеуінен өтті. Қазіргі уақытта 6 өңірде төтенше жағдай комиссиясының отырысын өткізуге дайындалып жатыр. Бірінші кезекте Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында елдімекендерге қатынау қиындауына байланысты төтенше жағдай жарияланады. Төтенше жағдай жариялау себебі, жол қатынасы қиындады. Адамдар тұрғылықты жерінен жұмыс орнына уақытылы жете алмай жатыр. Осыған байланысты тұрғындар азық-түлікпен қамтамасыз етіліп жатыр. Медициналық қызмет дер уақытында көрсетіліп жатыр», – деді.