12 қарашада бұрынғы президенттің ұлын лекция үстінде пышақтап, өлтіріп кетті.
Германияда неміс дәрігері, медицина бөлімінің меңгерушісі Фриц фон Вайцзеккер сейсенбі күні студенттердің алдында сөйлеп тұрған жерінде қаза тапты.
Ол өзінің Шарлоттенбург сарайы жанындағы Берлиндегі жеке клиникасының алдында баяндама оқыған. Сол тұрған жерінде, залдан бір ер адам шабуылдап, оны пышақтап тастады. Ол жерде жүрген полиция қылмыскерді тоқтатпақшы болып, өзі қатты жарақатанып қалады.
Марқұм 59 жаста болған. Қылмыстың себептері әлі анықталмады. Ал шабуыл жасаушы ұсталды.
Фриц фон Вайцзеккер - Батыс Берлиннің бұрынғы мэрінің (1981-1984) және Германияның президенті (1984-1991) Рихард фон Вайцзеккердің ұлы. Міне, осы тұлғалар Германияны қайта біріктіруге көмектесті. Сонымен қатар, ол біріккен Германияның алғашқы президенті болды. Рихард фон Вайцзеккер Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Шығыс майданда қызмет еткен.