Қытайда тұратын қазақ боксшысы Токиода ӘЧ титулына таласады
Қытайда тұратын қазақ боксшысы Токиода ӘЧ титулына таласады
255
оқылды

Жеңіл салмақта (50.8 кг) жұдырықтасатын ұлты қазақ қытайлық кәсіпқой боксшы Ұлан Төлеғазыұлы (13-3-1,6 КО) жыл соңында Жапония астанасы Токио қаласында әлем чемпионы титулы үшін айқасады.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, қазақ боксшысы 31 желтоқсан күні WBO тұжырымының үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемионы Косей Танакамен (14-0,8КО) жұдырықтасады.

Токиода өтетін жекпе-жекте жапондық боксшы жеңіл салмақта WBO тұжырымының әлем чемпионы титулын үшінші рет қорғамақ.

Айта кетейік, Ұлан Төлеғазыұлы жеңіл салмақта үш бірдей бокс ұйымының чемпиондық титулдарын иеленген.

Бұған дейінгі жекпе-жектерінде ол WBC тұжырымының күміс белбеуін (WBC Silver Flyweight Title), WBO тұжырымы бойынша Азия-Тынық мұхит чемпионы (WBO Asia Pacific Flyweight Title) және WBA тұжырымы бойынша халықаралық чемпион (WBA International Flyweight Title) белбеулерін жеңіп алған.

Ол осы салмақтағы BoxRec әлемдік рейтингінде 9-орында тұр.

бокс 2.jpg
Косей Танака жапон боксшысы