Алматы: Автобус апатқа ұшырап, екі адам зардап шекті

Алматы: Автобус апатқа ұшырап, екі адам зардап шекті

Алматыда жол апаты болды.

Оқыс оқиғаға автобус жүргізушісі өзін жайсыз сезінгені себеп болған.

Жол апатынан екі адам зардап шекті. «Территория происшествий» бағдарламасы хабарлағандай, №44 автобус Шаляпин көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Бауыржан Момышұлы көшесіне жақындаған тұста автобус жүргізушісі өзін жайсыз сезінген. Автобусты басқара алмай, жолдың шетіне шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен жолаушы зардап шекті. Екеуі де ауруханада.