Өскеменде екі жасөспірім қыз жоғалып кетті
Өскеменде екі жасөспірім қыз жоғалып кетті
233
оқылды
Өскемен қаласындағы жасөспірімдер үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі оралмаған екі қыз іздестірілуде. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 желтоқсан сағат 21.26 шамасында «102» арнасына жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері Ананьева Арина Максимовна мен Кабанова Виктория Сергеевнаның жоғалып кеткені жайлы хабар түскен. Олар 5 желтоқсан сағат 19.30 шамасында белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.
«Арина 2003 жылы туған, 3-курс студенті. Бойы 150-155 см, орта денелі, шашы мен көзі қоңыр түсті. Үстінде қара күрте, қара джинсы және ақ аяқ киім болған. Ал Виктория 2002 жылғы, 2-курс студенті. Бойы 155 см, орта денелі, шашы мен көзі қоңыр түсті. Үстіне қызыл күрте, көк джинсы мен ақ аяқ киім киіп шыққан» деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта кәмелет жасына толмаған қыздардың қайда екені белгісіз. Оларды қалалық полиция басқармасының барлық жеке құрамы іздестіруде. Тәртіп сақшылары жоғалған қыздар туралы кез келген ақпараттан хабардар азаматтарға 8 (7232) 23-42-10, 23-42-02 немесе «102» жедел арнасына хабарласуын сұрайды.