Бұл туралы партияның Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Аркадий Ни Nur Otan партиясы қатарынан шығарылды.Ал Ақтөбе облысының Полиция департаменті Аркадий Ниге қатысты тергеу басталғанын хабарлады.«Аркадий Ниді ұстау дерегі бойынша Nur Otan облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы облыстық филиалдың Саяси кеңес бюросына оны Nur Otan партиясы билетінен айыру туралы мәселені қарауды ұсынды. Облыстық Саяси кеңес бюросының қаулысымен Аркадий Ни Nur Otan партиясынан шығарылды» делінген хабарламада.
«Қазіргі уақытта күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді» делінген ресми хабарламада.