21 қарашада ел бойынша азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті. Бұл күні полиция басшылары Қостанай облысының 100-ден астам азаматын қабылдап, өтініштеріне құлақасты.
Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов 10 адамды қабылдады. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Генерал Аймағамбетовке Қостанай қаласының тұрғыны Қорғанбек Абдулла жүгінді. Айтуынша, оны туған қызы алдап кеткен. 2014 жылы оның балалары кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша несие рәсімдеп, ірі қара малын сатып алады. Банк кепілге Қорғанбек ақсақалдың үйін тіркейді. Құжат бойынша Қорғанбек қария осы шаруа қожалығының басшысы. Бірақ кейін бизнес шығынға ұшырап, балалары әкесінің пәтерін сатып алу үшін барлық малды сатып жіберген. Пәтер зейнеткердің меншігінде қалды, дегенмен бірақ ол балалары малды сақтап қалуға тиіс еді деп санайды.
Осы іс бойынша полиция департаментінің бастығы Б.Аймағамбетов бұл істе азаматтық-құқықтық қатынастар белгілері бар және мүліктік талаптарды анықтау үшін сотқа жүгіну қажет екенін түсіндірді.
Бұдан соң облыс орталығының тұрғыны Наталья Ниязбаева генерал Аймағамбетовке өз мәселесін айтты. Ол үш жыл бұрын автокөлік сатып алған, кейін сол көлікті қайта сатпақ болған кезде ол ұрланған болып шықты. Тіпті, оның идентификациялық нөмірі өзгертілгені анықталды. Осы факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Автокөлік тәркіленіп, айғақ зат ретінде тұраққа қойылды.
– Мен оны адал сатып алдым. Полицияға кімнен сатып алғанымды айттым. Меніңше, бұл іс толық зерттелмеді, себебі олар маған автокөлікті сатқан адамнан жауап алмаған. Ол Қарағанды қаласында тұрады, – дейді Наталья Ниязбаева.
– Қызметкерлер жақын арада Қарағанды қаласына іссапарға барып, көлік сатушыдан жауап алады. Сонымен қатар, сізді адал сатып алушы ретінде мойындау үшін сотқа жүгіну қажет, – деп түсіндірді Б. Аймағамбетов.
Департамент бастығы өңірде мал ұрлығының ашылуы 40%-дан асатынын атап өтті. Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні облыс аудандарында 70-тен астам ауыл тұрғыны қабылданды.