«Алтын адам» Санкт-Петерборға барды

«Алтын адам» Санкт-Петерборға барды

Биыл еліміздегі екінші «Алтын адамның» Атырау облысы Арал­төбе қорғанынан табылғанына 20 жыл. Ресеймен мәдени ынты­мақ­тастық аясында Санкт-Пе­тер­бор қаласындағы Этно­гра­фия­лық му­­зейде Атырау облысы тарихи-өл­кетану музейі қорын­дағы Ал­тын адамның табыл­ға­ны­ның 20 жыл­­дығына орай «Қа­зақ­­станның ал­­тын мұрасы» атты көр­ме ашыл­ды.

Қазақстан Республикасы Мәде­ниет министрлігі мен Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағ­дар­ламалық мақалалары аясында Ресейдің Санкт-Петербор қаласын­дағы Ресей этнографиялық музейінде «Золотое наследие Казахстана» көр­месінің ашылу салтанаты болып өтті.

Атырау облысының Жылыой ауданындағы Аралтөбе қорғанынан табылған Алтын адамның 20 жылды­ғына орай музей қорындағы Сарматтар кезеңіндегі тарихи құндылықтарды Ресейдің солтүстік астанасының тұр­ғындары мен қонақтарына заманауи үлгіде насихаттауды мақсат етті.

Көрмеге келушілер 1999 жылы Атырау облысы Жылой ауданы Арал­төбе қорғанынан табылған Қазақ­станның екінші Алтын адамы­мен танысты. Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша Алтын адамның өмір сүру кезеңі осыдан 2 мың жыл бұрынғы сарматтар дәуіріне жатады. Сарматтар біздің заманымызға дейінгі III ғасыр­дан б.з. IV ғасыр аралығында Тобылдан Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр жазықты мекендеген ежелгі тайпалар.

Сармат көсемінің алтын киімді мүсінін қалыпқа келтіргендер: ғылыми жетекші, археолог Зейнолла Самашев, суретші-реставратор Қырым Алтынбеков.

Көрмеге 1999 жылы Батыс Қазақ­стан археология институтының ғылы­ми экспедициясы кезінде Аралтөбе қорға­ны­нан табылған қыш ыдыстар, жебе ұштары, темір қылыштың сы­нық­тары, моншақтар, қола айналар қойылды.

Сонымен қатар Сармат дәуірінің ескерткіштері Қылыш, Борсық және Миялы қорғандарынан табылған алтын жапсырмалар, жебе ұштары, құмыралар және басқа да артефактілер, барлығы 600-ге тарта тарихи құнды­лық алғаш рет шетелдік көрермен назарына ұсы­ныл­ды.

Жалпы, көрермендер үшін қосым­ша ақпараттар қазақ, орыс, ағылшын тілінде дайындалып, Led экран арқы­лы ұсынылды.

Ресей этнографиялық музейі ди­ректорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Елена Герасименко, Қа­зақстанның Санкт-Петербор қала­сындағы бас консулы Бауыржан Дос­ман­бетов, суретші-реставратор, «Остров Крым» ғылыми қалпына кел­тіру орталығының басшысы Қы­рым Алтынбеков және Ресей этно­гра­фия­­лық музейінің шетел бөлімінің бөлім меңгерушісі Жанна Чистякова көрме­нің лента қию рәсімін жасады.

Көрменің ашылу салтанатына қатысқан қазақстандық делегация құ­ра­­мында Аралтөбе қорымына жүр­гі­зілген қазба жұмыстарына қаты­насу­шы археолог, Орыс геогра­фиялық қоға­мының мүшесі Вячеслав Плахов, Миялы қорғандарына жүргізілген қазба жұмысының жетекшісі, тарих ғы­­лым­да­рының кандидаты Марат Қасенов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Қа­зақстан және дүниежүзі тарихы кафе­драсының қауымдастырылған про­фессоры Әния Ермағамбетова болды.

Көрмені Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Ғалия Назарбекова таныстырды.

Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп: «Бүгін біздің еліміздің өте үлкен мұрасы, мәдени мұрамыз, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде сақталған Қазақ­станның алтын мұрасымен танысуға мүмкіндік аласыздар. Қазақстан – кең байтақ. Ең бірінші Алтын адам Алматы облысынан табылған болса, алдары­ңыздағы Қазақстанның Аралтөбеден табылған екінші Алтын адамы. Қазақ­стан жерінен бүгінге дейін 6 Алтын адам табылды. Мұның бәрі қазақ хал­қы­ның тарихы тым тереңде жат­қан­дығын білдіреді» деді.

Өз кезегінде сөз алған музей ди­ректоры Рашида Харипова бүгінгі көр­менің маңызына тоқталып, VIII Халықаралық мәдени форум аясында көрме ұйымдастыруға қолдау көрсет­кен Санкт-Петербордағы Қазақстан­ның Бас консулы Б.Досманбетовке және Ресей этнографиялық музейінің директоры В.Грусманға ризашылығын білдіріп, алғысхат табыс етті.

Көрмемен танысқан Санкт-Петер­бор үкіметінің туризмді дамыту коми­те­тінің елшісі Андрей Мацарин:

«Алтын адам ежелден достық бай­ла­ныстағы екі елдің туристік саласын дамытуда басты қадам деп білемін. Петербор – туристік қала. Менің ойым­ша, осы көрмеден кейін сіздердің елде­ріңізге, Атырауға туристер қызы­ғу­шылық білдіріп, жиі сапарлауға ниетті болады. Өйткені Алтын адам түрлі ұлттың ықыласын оятып отыр».

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған Қазақстанның Санкт-Петербор­дағы Бас консулы Бауыржан Досманбе­­тов:

«Тарихи танымды көрме Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты мәде­ни қарым-қатынасына үлкен үлесін қосады» деп баға берді.

Айтулы шара аясында Ресей Этно­гра­фиялық музейі мен Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі көрме аясында әріптестік меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында 2020 жылы Ұлы Отан соғысының 75 жыл­ды­ғына орай Ресей этнографиялық музейі Атырау облысы тарихи-өлке­тану музейінде батыр қаланың тари­хын баяндайтын көрме ұйымдасты­ру­ға, 2021 жылы Ресей этнографиялық музейінде Атырау облысы тарихи-өлке­тану музейіндегі зергерлік бұйым­дар коллекциясынан көрме, көрме аясында шеберлік сағаттар мен зергер­лік бұйымдар жәрмеңкесін ұйым­дасты­руға келісілді.

Сонымен қатар шара барысында Н.Жантөрин атындағы Атырау облыс­тық филармония жанынан құрылған «Мұрагер» фольклорлық ансамблі қа­зақ­тың ұлттық күйлерін нақышына кел­­тіре орындап, көрермендерді қазақ өнеріне тәнті етті.


Атырау облысы