Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирусқа қатысты жағдай әлі күрделі екенін айтты.
«9 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал күрделі. Қазір Алматы «жасыл» және «сары» аймақтың арасында тұр», - деді Жандарбек Бекшин брифингте.Еске сала кетейік, бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы жағдайды сөз етіп, қатаң карантин енгізуге қатысты пікір білдірген болатын.