Қашықтан оқыту мәселелері талқыланды
Қашықтан оқыту мәселелері талқыланды
359
оқылды
2020 жылғы 8 желтоқсанда бейнеконференция режимінде Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, партиялық куратор Бейбіт Мамраевтың төрағалығымен "Білім беру" бағыты бойынша отырыс өтті. Отырысты ашқан партиялық куратор Бейбіт Мамраев коронавирустық пандемияға байланысты әлемдегі оқушылар мен студенттердің басым көпшілігі қашықтықтан оқытуға көшкенін атап өтті. Бұл жұмыстың мүлдем басқа стилі мен мазмұнын талап етеді, сондықтан қазіргі жағдайда қашықтықтан оқыту мәселелері бүкіл әлемде өзекті. Сондықтан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкімет пен мемлекеттік органдарға шектеу шараларына қарамастан білім беру сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды. Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Каринованың айтуынша, бүгінде 2,3 млн. оқушы қашықтықтан оқып жатыр, штаттық режимде 1-5 сыныптарда 660 мың және оқушылар контингенті аз 3117 мектепте 280 мың бала оқиды. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша бүгінгі күні 724 мың оқушы компьютермен қамтамасыз етілген. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "Ел арна" және "Балапан" телеарналары сурдоаудармашының көмегімен онлайн-сабақтар таратады. 1 және 2 тоқсанда 6 мыңнан астам телесабақ түсірілді. 3 тоқсанға арналған телесабақтардың түсірілімі ағымдағы жылдың соңына дейін және 2021 жылдың қаңтарында түсіріледі. Вице-министр бұдан әрі халықтың сырқаттанушылық деңгейінің тұрақты төмендеуіне қарай санитариялық талаптарды сақтай отырып, оқытудың аралас және штаттық форматтарына біртіндеп көшу жүзеге асырылатынын атап өтті. Бұдан әрі партиялық куратор пандемия жағдайында, әсіресе шалғай елді мекендерде интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі ушығып тұрғанына назар аударды. Аталған мәселе бойынша цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Оразбек сөз сөйледі. Атап айтқанда, ол мемлекеттік орган байланыс операторларымен бірлесіп талдау жүргізгенін және 1905 мектепте 8 Мбит/сек-тен интернет жылдамдығын қосу және арттыру мүмкіндіктерін анықтағанын атап өтті. 626 мектеп интернет желісінің жылдамдығын 8 Мбит/сек және одан жоғары арттыруға қосымша келісімдер жасасты. Қазіргі уақытта 6459 елді мекеннің 4855-і әртүрлі технологиялар: ADSL, FTTx, 3G, 4G бойынша кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. Вице-министр осы жылдың соңына дейін халық саны 250 және одан да көп 928 ауылды мобильді КЖҚ-мен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанына сендірді. Отырыс қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға, Білім және ғылым министрлігіне цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, елді мекендерде интернетке қолжетімділікті, қашықтықтан оқыту сапасы мен интернеттің жылдамдығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.