"14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылады": Премьер-Министрдің баспасөз қызметі түсініктеме берді
"14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылады": Премьер-Министрдің баспасөз қызметі түсініктеме берді
838
оқылды

Қазақстандықтар мессенджерлерде ел аймақтарында 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы ақпаратпен бөлісіп жатыр. Хабарлама Премьер-Министрдің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған. Бұл – бұрмаланған  ақпарат.

 width= Премьер-Министрдің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

«Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті – жалған. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң карантин енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз», – делінген хабарламада.