Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма сегізінші сессиясын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің өкіміне қол қойылды, деп хабарлайды Ақорда. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма сегізінші сессиясы 2021 жылғы 11 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.