Кәріз құдығының қақпақтарын кім ұрлап жатыр?
Кәріз құдығының қақпақтарын кім ұрлап жатыр?
220
оқылды

Жыл басынан бері 200-ден астам қақпақ ұрланды.

Бұл жайында Қаз ақпарат хабарлады. Жыл басынан бері Талдықорғанның су және кәріз жүйелерінің 200-ден астам қақпағы ұрланған екен. Қала әкімдігі тек 150-ін қайта жапты. Ал қалған елуінің ауызы ашық тұр.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері қақпақ ұрлығы бойынша небәрі бес қылмыстық іс қозғалып, оның төртеуі ашылған.

Көп жағдайда полицейлер темір сынығын қабылдаушыларды тексере алмайды. Себебі олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Ал елімізде орта және шағын бизнес өкілдерін себепсіз тексеруге мораторий жарияланған.