Жексенбі күні, 13 желтоқсанда қоғамдық көліктің жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, - деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді", - деп хабарлады CTS.
⠀
Дүйсенбі, 14 желтоқсаннан бастап қоғамдық көліктер қалыпты кестесіне сәйкес қатынайды.
⠀
Сонымен қатар компания қала тұрғындарына санитарлық нормаларды сақтауды және автобустарға бетпердесіз кірмеу керегін ескертеді.
⠀
Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.