Ресейлік дәрігер Денис Серов маска тағудың неге қауіпті екенін түсіндірді. Бұл туралы ол «Москва» агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Мәскеулік дәрігер Денис Серов бетті тығыз жаппайтын маска құрғақ көз синдромын тудыруы мүмкін екенін айтты. Себебі тығыз тақпаған маскадан ауа жоғары қарай шығады. Салдарынан көз қабықшасы буланады.
«Бұл жағдай ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Адамның көру қабілеті нашарлап, көздің қабығы зақымдануы ықтимал», – дейді дәрігер.
Ол бір рет пайдаланатын масканы 2-3 сағат тағу керегін ескертті. Денис Серов көзге қатысты проблемалар туындаған жағдайда көз тамшысын пайдалануға, ал көру қабілеті нашарлаған кезде бірден дәрігерге баруға кеңес берді.