«Қандай деңгейде екенін көреміз». Өзбекстан құрамасының бапкері Қазақстанмен матч туралы
«Қандай деңгейде екенін көреміз». Өзбекстан құрамасының бапкері Қазақстанмен матч туралы
245
оқылды

Футболдан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Вадим Абрамов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанға қарсы жоспарланып отырған жолдастық матч туралы пікір білдірді. Ойын 2020 жылы наурызда өтуі мүмкін.

«Құрамамыз үшін бұл наурызда басталатын 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеуіне дайындалуға мүмкінідік. Алдағы ойын біз үшін, Қазақстан құрамасы үшін де пайдалы. Біздің қарсыласымыз туралы сөз көп, қалай дегенімен сіздер Еуропада – ал біз Азиядамыз. Өзбекстан және Қазақстан да қандай деңгейде екенін көреміз. Бұл ымырасыз, жанкүйерлер үшін қызықты кездесу болады. Рейтингте қай орында тұрғанымызға қарамастан, бұл ойында әркім сөзсіз жеңіске тырысады, сондықтан қызықты өтеді. Бұл дерби», – деді маман.