Боранға байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды, - деп хабарлайды «Қазгидромет».
Синоптиктердің мәліметінше, 25 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде қар жауады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Сондай-ақ, ертең түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады.
Синоптиктер сонымен қатар Түркістан облысының тұрғындарына алдағы күндері Түркістан облысында тұман, көктайғақ болып, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп ескертеді.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады. Желдің күшеюі, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіліп отыр.