Такси қызметін пайдаланушылар азайды
Такси қызметін пайдаланушылар азайды
Фото: Интернеттен алынды
480
оқылды
Қазақстандықтар былтыр  такси қызметіне жүгінуді азайтқан. Салдарынан  такси қызметін тұтынатын жолаушылар саны 2,9 пайызға кеміп кетті. Бұл туралы Energyprom.kz порталы хабарлады.  Есесіне жолаушылардың 99,6 пайызы автобусқа таңдау жасапты.  Жылына  17,5 млрд жолаушы тасымалдаған автобустардың табысы да еселенген болуы керек. Өйткені, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша  жолаушы тасымалы  23,83 млрд адамды құрап, 3,5 пайызға көбейген.
Ал әуе компаниялары 8,6 млн адам тасымалдапты, жалпы соңғы уақытта әуе көлігі қызметін таңдаушылар 9,6 пайызға көбейген. 
Жолаушы, жүк және багаж тасымалдаушы кәсіпорындар кірісі  былтыр 3,1 трлн теңгеге жетті. Алдыңғы жылы  бұл көрсеткіш 2,8 трлн теңге болған.  Былтыр тасымалданған 4,2 млрд тонна жүк  алдыңға жылдан 3,3 пайызға жоғары. Жүк тасымалында да автокөліктердің бәсі басым түсіп отыр. Мысалы, жалпы жүктің 83,8 пайызы, яғни  3,6 млрд тоннасы автокөлікпен,   0,4 млрд тоннасы ғана  теміржол көлігімен тасымалданған. Тұмар МЫРЗА