Жылдам тамақтану желісінің 900-ден астам тұтынушысы бірінің ақшасын бірі төлеген
Жылдам тамақтану желісінің 900-ден астам тұтынушысы бірінің ақшасын бірі төлеген
196
оқылды

АҚШ-тың Миннесота қаласында жақсылық жасаудың жаңа рекорды орнатылды.

Автокөлікпен кезекте тұрып тапсырыс беретін Dairy Queen жылдам тамақ әзірлеу мейрамханысының тұтынушысы өзінің тапсырысымен қоса кезекте тұрған келесі көлік иесінің тапсырысын да төлеп кеткен. Pay it forward (біреудің қажетіне ақша төлеп беру) әрекетін келесі көлік иесі де қолдап, өзінен кейінгінің тапсырысын төлеп берген. Осылайша бұл тізбекті 900-ден аса адам бұзбай, бірінің тапсырысын бірі төлеп кете берген. CNN-ге сұқбат берген Dairy Queen мейрамханасының менеджері Тина Дженсен мұндай жағдайдың бұрын да болғанын айтты. Алайда бұл тізбек 15-20 автокөлік иелерінен аспай тоқтап қалатын болған. Бұл жолы жақсылық жасау тізбегі екі жарым күнге жалғасып, мейрамхана 10 000 доллар қаржы тапқан. Дженсеннің айтуынша, аталған шара қызметшілердің көңіл күйін көтерген. Тапсырысы төленіп қойғанын естіген клиенттердің қуанышын көру де бір ғанибет екенін жеткізді.